A - Шрифт сайта A +

Әкімінің Алматы облысы ресми сайты

Әкімінің Алматы облысы ресми сайты

Әкімінің Алматы облысы ресми сайты

Әкімінің Алматы облысы ресми сайты

Әкімінің Алматы облысы ресми сайты

Әкімінің Алматы облысы ресми сайты

Әкімінің Алматы облысы ресми сайты

Әкімінің Алматы облысы ресми сайты

  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
Облыс әкімі Аңсар Мұсаханов «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловты қабылдады.     Көксу ауданында тауар бағасы төмен Смарт супермаркеті ашылды.       Талдықорған шаһарының оңтүстік-батыс бөлігінде 24 тұрғын үй кешенінің құрылысы басталады.      
Жаңалықтар » Жалпы

БІР ХАЛЫҚ – БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР

БІР ХАЛЫҚ – БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫРКөпұлтты Қазақстанның кемел келешекке жетуі үшін ең алдымен ел ішінің тыныштығы мен түрлі этнос өкілдерінің «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын» береке-бірлігін басты қағидаға айналдырған Елбасы 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құрған болатын. Құрылғанына он сегіз жыл толған Ассамблеяның аталмыш сессиясына Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси партиялар, діни конфессиялар, дипломатиялық миссиялардың жетекшілері, ғылым және шығармашылық қауым өкілдері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.
Әлқисса, «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деген наркескен ақын Махамбеттің арманы арада екі жүз жылдай уақыт өткенде Есілдің бойында орындалып жатқандай. Арғы жағы Есілдің бергі жағы ен тоғаймен емес, еңсесі биік зәулім сарайлармен Арқаның ажарын ашып, сән-салтанатын жарастырып келе жатқалы да он алты жылға табан тіреп қалды. Өткен ғасырдағы тоқсаныншы жылдың аяғында Алатау етегінен Арқаның төріне көшпенділер елінің керуені қазығын қағып, шаңырағын көтерген еді. Ол – тәуелсіз елдің жаңа ордасы Астана қаласы. Бүгінде қазақ елінің жүрегі болған Астана бейбітшілік бесігіне айналып үлгерді.
Олай дейтініміз, даладай дархан құшағына жүз отыз алты ұлт пен ұлысты сидырған қазақ елі Қазақстан деп аталатын алып шаңырақ астында татулықтың асқан үлгісін көрсетіп келеді. Бұл сөзімізге кеше ғана Елорданың төрінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы дәлел бола алады. Осы жылдар ішінде Ассамблея кемелденіп, біртұтас ұлттың жалпыазаматтық институтына айналғанын айтқан Елбасы Қазақстан этникалық кикілжіңдерден таза аумақ болып қалыптасқанын, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі ел бірлігінің тиімді құралы екенін де атап өтті.
Бір кездері тағдырдың жазуымен қазақ даласына келген сан ұлттың баласына құшағын ашып, бауырына басқан халқымыз осы пейілінен әлі де ажырай қойған жоқ. «Тар жерде табысқан, кең жерде келіседі», – деген ел Президенті бірлік пен келісім, толеранттылық пен өзара сенім – бұл елді жаңғыртудың экономикадан тыс инвестициялары екенін баса айтты. Осы орайда аймақтарда Қоғамдық келісім кеңестерін жасақтауды тапсырды.
Мерекелік леппен басталған сессия барысында Мемлекет басшысы Ассамблея мүшелеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалін табыс етті. Ассамблеяның ХХ сессиясы Үндеу қабылдап, онда Ассамблеяны қоғамдық келісім, мемлекеттік кемелдік, жауапкершілік пен ұлттық патриотизм ордасына айналдыруға, ізгілік пен ашықтық дәстүрлерін сақтауға, әр азаматтың елді гүлдендіруге белсенді үлес қосуын қамтамасыз етуге шақырды.
Береке мен бірліктің, татулық пен ынтымақтың бесігіне айналған Астана төріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өз жұмысын жоғары деңгейде аяқтады.
  • Мерзімі: 25.04.2013
  • Оқылған: 3382
Распечатать

request

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...
Алматы облысының картасы